Астана 10:54
Женева 06:54
Нью-Йорк 00:54

Орталық туралы

Центр международной безопасности и политики

«Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы» коммерциялық емес ұйымы Астана қаласында (Қазақстан) 2017 жылы ақпанда тіркелген.

Орталықтың миссиясы – Қазақстанда және Орталық Азияда халықты ядролық қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік саласындағы ағымдағы процестер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Орталықтың пайымдауы – Қазақстанда және Орталық Азияда ірі беделді зерттеу Орталығы.

 

Орталықтың мақсаты:

  1. Қазақстанда және Орталық Азияда халықты ядролық қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік саласындағы ағымдағы процестер туралы өзекті ақпаратпен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қамтамасыз ету.
  2. Халықаралық қауіпсіздікжәне ядролық қарусыздану мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер дайындау.
  3. Ядролық қарусыздану саласында білім беру:
    • Қазақстан студенттерінің қарусыздану мәселелері жөніндегі халықаралық іс-шараларға практикалық жағынан қатысуы;
    • Қазақстанның тәжірибесін зерделеуде шетелдік студенттерге жәрдем көрсету (оның ішінде бұрынғы Семей сынақ полигонына бару).

 

Орталықтың Жарғысына сәйкес Орталық талдамалық зерттеулерді дайындауда басымдықты мына:

  • ядролық қарусыздану және оларды таратпау мәселелері бойынша;
  • биологиялық және химиялық қарулар проблемалары бойынша;
  • халықаралық лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет, есірткіні заңсыз таратуға қарсы күрес мәселелері бойынша;
  • кәдуілгі қарулану проблемалыр бойынша;
  • экспорттық бақылау мәселелері бойынша;
  • халықаралық қауіпсіздіктің басқа аспектілері жөніндегі мәселелерге бағыттаған.

 

Орталық ядролық қаруды толықтай жоюға әкелетін ядролық қаруға тыйым салу құралын заң жағынан міндеттейтін инструментті әзірлеу жөніндегі конференцияның екі сессиясына белсене қатысты(2017 жылғы 27-31 наурыз және 11 маусым – 2017 жылғы 7 шілде, Нью-Йорк).

2017 жылғы мамырда Орталық әлемнің 100 елінде үкіметтік емес ұйымды біріктіретін Ядролық қаруға тыйым салу халықаралық компанияға (the International Campaign to Abolish Nuclear Weapons, ICAN) қабылданды, оның қызметі ядролық қаруға тезірек тыйым салуға жәрдемдесу болып табылады.

Орталық Ядролық қаруды 2020 жылға дейін таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттердің шолу конференциясының Даярлық комитетінің екі сессиясына да қатысты (2017 жылғы 2-12 мамыр, Вена қ. және 2018 жылғы 23 сәуір - 4 мамыр, Женева қ.).

Орталық 2018 жылғы шілдеде өлім-жітімге әкелетін автономдық қару жүйелеріне алдын ала заңдық жағынан тыйым салумақсаты болып табылатын қанішер роботтарға тыйым салу жөніндегі халықаралық науқанға (Campaign to Stop Killer Robots) қатысты.

Орталық 2018 жылғы тамызда, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) жанындағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық білім беру желісіне (International Nuclear Security Education Network, INSEN) қатысты.

Біздің Twitter

Facebook