Астана 19:25
Женева 15:25
Нью-Йорк 09:25

Жаңалықтар

Ізгіліксіз қару туралы Конвенцияның жылсайынғы конференциясының жұмысына қатысу

 

А.ж. 13-15 қарашада Женевада Әскери роботтарға тыйым салу бойынша Кампания делегациясының құрамында Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры  Ізгіліксіз қару туралы Конвенцияның жылсайынғы  конференциясының жұмысына қатысты, ол сонымен қатар  өлімге әкелетін қару-жарақтың  автономды жүйелер мәселелері бойынша үкіметтік  сарапшылар Тобының баяндамасын қарастырып, бекітті. 

Төменде конференция жұмысының қорытындылары бойынша әскери роботтарға тыйым салу бойынша Кампанияның баспасөз релизі көрсетілген.

 

Әскери роботтардың мәселелері бойынша үрейлі хабарлар 

Адамның араласуынсыз нысаналарды таңдайтын және жоятын өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйелерінің мәселесі бойынша дипломатиялық келіссөздер (АСОЛД), әлі екі жыл жалғасатын болады. Бірақ бұл нені өзгертеді? Және бұл тым кеш болмайма? Жетекші әскери державалар ілгерілеу автономды қару-жарақты әзірлеуге айтарлықтай қаражатты инвестициялайды. Көп жақты диалогтың жоқтығы себебінен,  мұндай қарулану жүйелерін өндіруді және пайдалануды болдырмау үшін  тым кеш болама деген қауіптер күшеюде.

Ізгіліксіз қару туралы Конвенция (ІҚК) бойынша жылсайынғы кеңес а.ж. 15 қарашада жұмада түнгі келіссөздерді болдырмауға бағытталған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қатаң үнемдеу шаралары салдарынан  қауіп-қатер қоңырауымен аяқталды. Тараптар ІҚК алаңында әскери роботтар мәселесі бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті, әзірге осымен  аяқталды. 

Дипломатиялық келіссөздер ұлу жылдамдығымен алға жылжып келеді, алайда мемлекеттерге АСОЛД мәселесі бойынша жаңа шартты өндіру процесін кідіртпей бастау үшін қысым көрсетілуде. Сенсорлық өңдеу негізінде нысаналарды таңдайтын және жоятын, маңызды адами бақылауды көздемейтін  қарулану жүйелері өрескел және тыйым салынуы тиіс деген қоғамдық сана артып келеді.

  • Қазіргі уақытта АСОЛД-қа тыйым салғысы келетін оншақты елдер, 30 мемлекетті қосқанда, күш қолдануды маңызды адами бақылауды сақтау бойынша шарт жасасу туралы келісімге келу ниетін мәлімдейді.
  • Осы аптада Парижде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш «робот-өлтірушілер солдаттардың орнын алуы мүмкін» деп сақтандырды және «адамды өмірінен айыру күшіне және іс-әрекеттер еркіндігіне ие машиналар саяси тұрғыда өрескел және бейморальді» деп мәлімдей отырып, шартқа тыйым салуға тағы да шақырды.
  • Осы аптада өткен он еуропалық елдерге жасалған жаңа сауалнама сұхбаткерлердің 73 пайызы олардың үкіметтері АСОЛД-қа халықаралық заңи тыйым салуға қол жеткізуін қалайтынын көрсетті.
  • Бразилия 2020 жылы ақпанда Рио-де-Жанейрода әскери роботтар мәселелері жөнінде симпозиум өткізу ниетін хабарлады. Кампания барлық елдерді бастама білдіруді және Женевада ІҚК-ден тыс әскери роботтардың қаупіне қарсы әрекет ету әдістерін табуға шақырады.

АСОЛД-ты талқылау ІҚК алаңында келесі жылы Женевада 10 күн бойы жалғасатын болады, дәлірек айтқанда 22-26 маусымда және 10-14 тамызда. Бұл кездесулерде негізгі назар өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйелеріне қатысты «нормативтік және оперативтік база аспектілерін әзірлеуге» бөлінетін болады. Мақсат шиеленіскен және бірмәнді емес. Алдын ала ІҚК кеңесін 2021 жылы 13-17 желтоқсанда ІҚК бойынша алтыншы Шолу Конференциясы басталғанға дейін 2021 жылы 10-20 күнге өткізу жоспарланып отыр.

2014 жылдан бері 80-нен астам ел, сонымен бірге Қызыл Крест Халықаралық комитеті (ҚКХК) және әскери роботтарға тыйым салу бойынша Кампания АСОЛД мәселелеріне арналған ІҚК сегіз кеңесіне қатысты. Келіссөздер әскери роботтарға байланысты көптеген күрделі қауіптерге қатысты және күш қолдануды белгілі адами бақылау қажеттілігіне қатысты жалпы түсінікке келуге мүмкіндік берді. Дегенмен, тараптар бірнеше әскери державалардың, соның ішінде Ресей тарапынан, қарсылықтарын еңсеріп, көпжақты ынтымақтастық  үшін ұсынымдарды өңдеуге тырысады.

Әзірге ІҚК 2021 жылға дейін қандай да бір іс-әрекеттерді қабылдау бойынша күту ұстанымын ұстанып отыр, әскери роботтарға тыйым салу бойынша Кампания қазіргі уақытқа шоғырланып отыр. Кампания өз мүшелерінің аумақтық кездесуін Пәкістан астанасы – Исламабадта а.ж. 9-10 желтоқсанда, содан соң Аргентина астанасы — Буэнос-Айресте, 2020 жылы 26-28 ақпанда ғаламдық кездесуді өткізеді.

Біздің Twitter

Facebook