Астана 19:11
Женева 15:11
Нью-Йорк 09:11

Жаңалықтар

CISP директорының Исламабадта әскери роботтарға тыйым салу жөніндегі Кампанияның аймақтық кездесуіне қатысуы.

А.ж. 9-10 желтоқсанда Исламабадта өткен Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығының директоры Әлімжан Ахметов пәкістандық ҮЕҰ Sustainable Peace and Development Organisation (SPADO) ұйымдастырған әскери роботтарға тыйым салу жөніндегі Кампанияның аймақтық кездесуіне қатысты.

 

Конференцияға Оңтүстік пен Орталық Азия және Әзірбайжан аймақтарынан келген ҮЕҰ қатысты.

 

Өзінің сөз сөйлеуінде Ә.Ахметов қатысушыларды Қазақстанда және аймақтық деңгейде Орталықпен өткізіліп жатқан жұмыс туралы ақпараттандырды.

 

Конференция қатысушылары өлімге әкелетін қару-жарақтың автономды жүйелеріне превентивті тыйым салу бойынша ағымдағы жағдайды талқылады және 2020-2021 жж. ынтымақтастықтың алдағы жолдарын талқылады.

 

Пәкістанға сапары аясында аумақтық конференция қатысушылары а.ж. 11-12 желтоқсанда Лахорда өткен дінаралық диалог бойынша халықаралық  конференцияға қатысты.

Біздің Twitter

Facebook