Астана 07:10
Женева 03:10
Нью-Йорк 21:10

Жаңалықтар

Arms Control Today, Жаңалықтарға қысқаша шолу, Мамыр 2020 ж.

Arms Control Today журналының "News in Brief" бөлімінен алынған жарияланым Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы мен The Arms Control Association бірлескен жобасы болып табылады.

 

Иран әскери спутникті ұшыруда

А.ж. 22 сәуірде жаңа тасымалдағыш-зымыранның көмегімен Иран алғашқы әскери спутникті төменгі жер маңайындағы орбитаға ұшырды.

Noor-1 спутнигін ұшыру Ислам революциясы Сақшылар Корпусының ғарыш бағдарламасы Qased жаңа үш сатылы тасымалдағыш-зымыранды пайдаланып жүзеге асырылды. «Qased» екінші сатысы – бұл Ислам революциясы Сақшылар Корпусы а.ж. ақпанда ұсынған қатты отынды қозғалтқышы бар зымыран.

А.ж. 24 сәуірде Ислам революциясы Сақшылар Корпусының Әскери әуе күштерінің бригадалық генералы Амир Гаджизаде ұшыру сәтті өтіп, спутникпен байланыс бар екенін мәлімдеді. Ол «таяу болашақта» екінші спутникті аса жоғары жер маңайындағы орбитаға ұшыруға ниетті екендігін хабарлады.

Бұрын Иран байланыс және қашықтықтан зондтау мақсатында а.ж. 9 ақпандағы сәтсіз әрекетін қосқанда орбитаға спутниктерін ұшырды, алайда бұл ұшыру әскери бағдарламада алғашқы болып табылады. (ACT, наурыз 2020 ж.)

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео а.ж. 25 сәуірде өз мәлімдемесінде спутник ұшырғанды айыптады, Тегеран мәлімдегендей  Иранның ғарыш бағдарламасы «бейбітшіл емес және толығымен азаматтық емес» деп дәлелдеген. Ол журналистерге ұшыру БҰҰ Қауіпсіздік  Кеңесінің 2231 Қарарына сәйкес келмейтінін және Иран «өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылуы» тиіс деп хабарлады. 

2231 Қарар Иранды ядролық оқтықтарды жеткізуге қабілетті баллистикалық зымырандарды әзірлеуге байланысты іс-әрекеттерден тыйылуға шақырады, бірақ тұжырымдама міндетті болып табылмайды. Жерсеріктік тасымалдағыш-зымырандар мен баллистикалық зымырандар расымен де ортақ белгілерге ие, алайда олардың техникалық сипаттамалары мен  траекторияларында айырмашылықтар бар. – KELSEY DAVENPORT

 

ASAT ресейлік сынақтар сөз таластыруды арандатты

А.ж. 15 сәуірде АҚШ әскери күштері тікелей тосқауыл жасайтын спутникке қарсы зымырандардың ресейлік сынақтарын (ASAT) байқағанын хабарлады. Сынақтар барысында спутникті жою орын алмады, бұл ғарыш кеңістігінің ластануына алып келер еді.

Пентагон сынақты Ресейдің арам ниетінің куәлігі ретінде түсіндірді. АҚШ Ғарыш күштерінің қолбасшысы генерал Джон У. Реймонд «ASAT тестілік ұшуы АҚШ пен оның ғарыш жүйелері үшін қауіптер айқын, күрделі екендігінің және артып жатқандығының тағы бір мысалы болып табылады деп мәлімдеді».

Раймонд «орын алған сынақтар ғарыш  кеңістігінде қару орналастыруды бақылау бойынша ұсыныстарды Ресеймен екіжүзділік қолдау АҚШ мүмкіндіктерін шектеуге шақырғанын растайды, әйткенмен Ресейдің өзі мұндай қаруды дамыту бағдарламасын тоқтатуды көздемейді» деп қосты.

А.ж. 16 сәуірде ТАСС Мәскеу бұрынғыдай ғарышта қаруды бірінші болып орналастырудан тыйылуға ниетті екендігі туралы Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары  Сергей Рябковтың мәлімдемесін жариялады және осы мәселе бойынша Ресеймен ынтымақтасудан бас тартқаны үшін Құрама Штаттарды сынға алды.

Он жылдан астам уақыт бойы Ресей мен Қытай қатысушы-мемлекеттерді «ғарыш объектілеріне қарсы күш қолдануға немесе қауіп-қатерге жүгінбеуге» міндеттейтін жер маңайындағы орбитаға немесе аспан денелерінде кез-келген қару түрін орналастыруға тыйым салу туралы шарт жайлы келіссөздердің бастамашылары болып табылады.

«Егер Құрама Штаттар [ресейлік] ұсынысты қабылдамаса,  онда олар ғарыш кеңістігінде шабуылдау жүйелерін жасауға және өрістетуге талпынады деген тұжырым келеді», – ТАСС Рябковтың 16 сәуірдегі мәлімдемесін жеткізді.

А.ж. 6 сәуірдегі брифингте АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі  Кристофер Форд ресейлік-қытайлық ұсынысты «тым нашар» идея деп атады, себебі бір жағынан «аса мұқият жобалау кезінде де шарт ASAT жер үсті жүйелерді қамтитын қандай да бір маңызды бола алмайды».

Американдық және ресейлік дипломаттар онжылдықтар бойы ASAT жүйелерін шектеу немесе тыйым салу туралы келіссөздерді мерзімді өткізіп отырды, алайда бұл мәселені шешудің көпжылдық әрекеттері ешнәрсеге алып келмеді.

Оның орнына Форд мәлімдеді: «АҚШ дипломаттары ғарыштық салада ұжымдық озық тәжірибені қолдануға және болжамдыққа жәрдемдесетін нормаларды өңдеу үшін өзге елдердің ғарыштық салаларындағы серіктестерімен сындарлы ынтымақтастыққа талпынады...».

2007 жылы Қытай баллистикалық зымыранды өзінің ескірген метеорологиялық спутниктерінің бірін жою үшін пайдаланды, бұл нәтижесінде жер маңайындағы орбитада зиян қоқыстың көп мөлшерінің пайда болуына алып келді. 2008 жылы Құрама Штаттар өзінің ескірген метеорологиялық спутниктерінің біріне тосқауыл қойып, жою үшін  SM-3 түрлендірілген зымыранын пайдаланды. 2019 жылы сәуірде Үндістан орбиталық спутникті жаңылдырған тосқауылшы-зымыран сынақтарын сәтті өткізді. – DARYL G. KIMBALL

 

Ағылшын тілінен аударылған. Түпнұсқа тіліндегі мәтінмен мұнда таныса аласыз.

Біздің Twitter

Facebook